

10 - 14 жастағы жасөспірімдерді «Бақылау кеңістігі» кино зертханасына шақырамыз. Бұл - өзін кинода байқап көріп, қиялын дамытып, төл идеяларымен сенімді жұмыс істеуге арналған 8 сабақтан тұратын екі апталық бағдарлама. Қатысушылар кино тілінің негіздерімен танысып, кадрмен, композиция, жарық, түс, дыбыс және монтажбен жұмыс істеуді меңгереді. Зертхана қорытындысында топ ұжымдық фильм түсіріп, оны монтаждайды.
Ұзақтығы: 30 маусымынан 10 шілдеге дейін
Уақыты: 11:00 - 16:00
Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділік: Иә, мүмкін