

Роботтар мен Суперқаһармандар мұражайы - бұл сіз өзіңіздің сүйікті кейіпкерлеріңізді кездестіре алатын бірегей тақырыптық кеңістік. Біздің мұражайда 60-тан астам бірегей мүсін бар, олардың әрқайсысы қолмен жасалған авторлық туынды. Барлық мүсіндер Recycle-art әдісімен жасалған - бұл заманауи өнер бағыты, онда пайдаланудан шыққан тұрмыстық техника мен металл сынықтары жаңа пішінге еніп, арт-объектілерге айналады.