

Қойылым қазақ тілінде.
Неге перзентханаларда әйелдерді жек көретін адамдар жұмыс істейді? Әйелдер неге әйелдерді жек көреді?» - осы сұрақтан басталатын оқиға ковид кезіндегі қатаң карантинде, жабық бөлімде өрбиді. Есіктер жабық, жақындар кіре алмайды. Осы тар кеңістікте бәріне әмірін жүргізетін бір ғана адам бар - тағдырдың өзі әйелге деген көзқарасын өзгерткен бас медбике, оның әр сөзі мен шешімі біреудің тағдырын өзгертуі мүмкін. Бір палатада әртүрлі тағдыр иелері жиналған: бірі қорқынышпен, бірі үмітпен, енді бірі шарасыздықтан келген. Әрқайсысының ішінде тек сәби емес, жасырын сыр, ауыр естелік, айтылмаған шындық жатыр. Осындай тар кеңістікте, үміт пен қорқыныштың арасында, бәрін бір ғана сұрақ мазалайды: әйел әйелге шынымен жау ма, әлде ең соңғы үміт пе және ана болу - бақыт па, әлде сынақ па…
Қосымша ақпарат:
Режиссері: Фархад Молдағали
Продюсер: Жанна Омарова
Дыбыс Режиссері: Данияр Сатыбалдиев
Костюм суретшісі: Дина Буксикова
Тілі: Қазақ Тілі.
Жанр: Драма
Үзіліс: Жоқ
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бару мүмкіндігі: Иә
Алия Маулымхан, Азиза Қонақбаева, Меруерт Тажибаева, Ұлжан Жұмахан, Назым Төлеубаева, Бақыт Ақмұрза, Эльмира Қалбай, Татьяна Цой, Айарыс Дауқараев, Томирис Агадилова, Шыңғыс Абдикарим, Нурлан Скаков, Думан Талғатұлы